БІЗДЕР ТУРАЛЫ
«ВИАЛ-сервис» ЖШС негізгі қызмет түрі - Қазақстан Республикасы өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерін өнеркәсіп қауіпсіздігі бойынша жедел дайындықтан өткізу.
Кәсіпорын келесі қызметтерді көрсетуге дайын:
- өнеркәсіптің мұнай-газ өндіру саласындағы (бұрғылау, ұңғымаларға күрделі жөндеу жұмысын, геологиялық-технологиялық зерттеулер жүргізу, дефектоскопия, геофизикалық зерттеулер және ұңғымалардағы жұмыстар, ұңғымаларды сынақтан өткізу және басқалары) сервистік кәсіпорындардың өндірістік қызметін ұйымдастыру жұмысында;
- жарылыс-қопару істерін ұйымдастыруда, ионды сәуле шығару көздерімен жұмысты ұйымдастыруда;
- өнеркәсіп объектісі қауіпсіздігі декларациясын әзірлеуде;
- кәсіпорынды біліктілік талаптарына сәйкес келтіруде және қызмет түріне лицензия алу үшін құжаттар пакетін дайындауда;
- тауарларды импорттауға лицензия алу үшін құжаттарды дайындауда;
- нұсқауларды, технологиялық регламенттерді, типтік жобаларды, басшылықтарды, әдіснамалар мен ұсыныстарды дайындауда.
- кәсіпорын каротажды (геофизикалық) диаграммаларды цифрлау бойынша қызмет көрсетуді бастады.
Қызметкерлерді өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша дайындыққа және басқа жұмыстарды орындауға бай өндірістік тәжірибесі бар мамандар тартылады. Кәсіпорын өзінің дербес базасында, сондай-ақ, Тапсырыс берушінің базасында қызметкерлерді дайындау бойынша қызмет көрсетуге дайын.
«ВИАЛ-сервис» ЖШС өзінің қызметін 2008 жылғы 20 қазанындағы ҚР ТЖМ №0000574 төтенше жағдайларға және өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша Комитеттің Аттестаты және ҚР Энергетика және Минералды ресурстар Министрлігінің атом энергиясы бойынша Комитетінің 2008 жылғы 18 қарашасындағы №0002000 лицензиясы негізінде жүзеге асырады.
Біздің лицензия және аттестат:

|